Мақаланы жариялау

«Қарағанды университетінің хабаршысы» журналында жариялану үшін жаратылыстану және гуманитарлы ғылымдар саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулердің нәтижелерін қамтыған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады.
Басылымға ғылыми мерзімді басылымның саласына сәйкес материалдар қабылданады. Олар заманауи, жаңаша болулары абзал және ғылыми, тәжірибелі маңызды болулары тиіс.
Библиографияны қосқанда мақала көлемі мәтіннің компьютерде терілген (редакторы Microsoft Word) 10 бетінен аспауы тиіс, гуманитарлы бағыт бойынша мақаланың ең аз көлемі – 6 бет, жаратылыстану саласы бойынша – 4 бет.
«Қарағанды университетінің хабаршысы. Математика сериясы» журналына мақалалар LaTeX-2е жүйесінде үлгі бойынша қабылданады.
Баспаға мақаланың электронды нұсқасымен қатар қағазға басылған толық сәйкесті нұсқасын әкелу қажет. Мақала парақтары беттелген болуы тиіс.
Әр мақалаға түйін берілуі керек (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Түйіннің міндетті бөліктері:

  • ақпараттылығы (түйін көлемі – 150–200 сөз);
  • соңылығы (мақаланың қызықтылығы);
  • мазмұндылығы (мақаланың негізгі мазмұны мен зерттеудің нәтижелері);
  • құрылымдылығы;
  • тұжырымдары.

Мақала кілт сөздермен басталуы тиіс (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде).
Барлық қысқартылған сөздер мен шартты белгілер, жалпыға белгілерден басқа, мәтінде бірінші рет қолданған тұста түсіндірілуі қажет.
Журналға жариялану үшін мәтінді ұсына отырып, автор өзі жайлы мәліметтің дұрыстығына, плагиаттың жоқтығына және қолжазбада басқа жаңылыс кірме түрлердің, мәтіндегі әрбір кірменің, кесте, сұлба, суреттердің тиісті рәсімделуіне кепіл береді.
Журналға мақаланы жібермес бұрын материалдардың жалпы емле, сәйкес терминдердің жазылуы, мәтінді рәсімдеу мен сілтемелер дұрыстығын мұқият тексеру қажет.
Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтеме [1] нөмір, екіншісі − [2] және т.с.с. ретімен қойылуы керек. Кітаптан нәтижеге сілтеме берілсе, онда әдебиеттер тізімінен оның нөмірі (нүктелі үтір арқылы) және нәтиже жарияланған бет нөмірі көрсетіледі. Мысалы [8; 325]. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасалмайды.
Мақалада мәтінде сілтеме келтірілген формулалар ғана нөмірленеді.
Кесте, сурет, формулаларда символ, белгілерді белгілеуде айырмашылық болмауы тиіс. Суреттер сапалы, таза, сканер арқылы өткізілмеуі керек. Мәтінде кесте және суреттерге сілтеме болуы қажет.
«Математика», «Физика», «Химия» бағыттары бойынша зерттеулердің қаржыландыру көзі болған жағдайда (гранттар, мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар) ол туралы ақпарат көрсетілуі керек.

Мақалаларды рәсімдеуге келесі талаптар қойылады:
Қолжазба шеті: жоғарғы және төменгі — 25 мм; сол және оң — 20 мм; шрифті — Times New Roman; өлшемі — 11пт; жол арасындағы арақашықтығы — бірге тең; түзеу — көлденеңінен; жаңа жол — 0,8 см.

Мақала материалы 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланым материалдардың баспалық рәсімделуі» МЕМСТ сәйкес әзірленеді.

  • Сол жақта бөлек жолда ӘОЖ индексі орналасады.
  • Авторлар туралы мәліметтер: А.Ж.Тегі, мекеме немесе ұйымның атауы, қала, мемлекет. Ұжымдық жұмыстарда авторлардың тегі, аты-жөні олар берген тәртіппен орналасады.
  • Мақала атауы (мақала тілінде).
  • Қосымша атау жазу (жарияланатын материалдың негізгі атауын түсіндіретін мәліметтер бар болған жағдайда).
  • Түйін (7.9-95 «Реферат және түйін. Жалпы талаптар» МЕМСТ бойынша рәсімделеді).
  • Кілт сөздер, олар жарияланатын мәтіннен алынады.
  • Мақаланың негізгі мәтіні.
  • Мақалаға қатысты библиографиялық тізім (мақаланың библиографиялық тізімінің атауында «Әдебиеттер тізімі» — қазақ тілінде, «Список литературы» — орыс тілінде, «References» – ағылшын тіліндегі мақалалар үшін) қолданылады. Мақаланың библиографиялық тізімінде библиографиялық рәсімдеуді 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық рәсімдеу. Құрастыру ережелері мен жалпы талаптар» МеМСТ бойынша жүзеге асады. Библиографиялық жазбалар мақаланың библиографиялық тізімдерінде нөмірленуі тиіс.
  • Авторлар туралы мәліметтер келесі құраушылардан тұрады:

– аты-жөні және тегі;
– ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі;
– лауазымы немесе кәсібі;
– жұмыс орны (ұйым немесе мекеме атауы, елді мекені);
– мемлекет атауы (шетел авторлары үшін);
– электронды мекенжайы (e-mail).
Автордың тегі, аты-жөні атау септікте беріледі. Жөні аталмайтын жағдайда тек аты немесе инициал қолданылады. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, кәсібі, жұмыс орны, мемлекет атауы жайлы мәлімет толық түрде көрсетіледі.

Образец оформления статьи
ӘОЖ 66.040.25:66.046
Б.К. Рaхaдилов1, Л.Г. Журеровa1, A.В. Пaвлов2, В.К. Виелеба3
1Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен;
2С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен;
3Вроцлав политехникалық университеті, Польша
(E-mail: admin@mail.com)
65Г және 20ГЛ төмен легірленген болaттaрды
электролитті-плaзмaлық беттік шынықтыру
Мақала темір жол көлігінің бөлшектерін жaсaуғa қолдaнылaтын 20ГЛ және 65Г болaттaрын электролиттік-плaзмaлық беттік шынықтыру кезінде түрленген беттік қaбaттaрдың түзілу ерекшеліктерін зертеуге aрнaлғaн. Электролиттік-плaзмaлық беттік шынықтырудың 65Г және 20ГЛ болaттaрының құрылымдық-фaзaлық күйлеріне, микроқaттылығынa және қaжaлу төзімділігіне әсерін зерттеудің нәтижелері келтірілген. 65Г және 20ГЛ болaттaрын электролиттік-плaзмaлық беттік шынықтыру процесі нaтрий кaрбонaтының 20 %-дық су ерітіндісінде жүргізілді. Бaстaпқы күйінде 20ГЛ болaты ферритті-перлитті құрылымнaн, aл 65Г болaты перлитті-цементитті құрылымнaн тұрaтыны aнықтaлды. Электролиттік-плaзмaлық беттік шынықтырудaн кейін 65Г және 20ГЛ болaттaрының құрылымындa кaрбидті бөлшектер мен мaртенситтік фaзaлық құрaушылaрдың пaйдa болғaндығы бaйқaлды. Электролиттік-плaзмaлық беттік шынықтырудaн кейін 65Г және 20ГЛ болaттaрының aбрaзивті қaжaлуғa төзімділігінің сәйкесінше 1,3 және 1,2 есеге жоғaрылaйтындығы және микроқaттылық сәйкесінше 1,6 және 1,3 есеге өсуі тіркелді.
Кілт сөздер: электролиттік-плaзмaлық өңдеу, беттік шынықтыру, модификaциялaнғaн қaбaт, микроқaттылық, қaжaлуғa төзімділік.

Кіріспе
Пойыз бөліктері тасымалдау төзімділігін арттыру үшін талаптарға …

Әдебиеттер тізімі

  • Тюфтяев А.С. Закономерности структурообразования при плазменной поверхностной обработке металлических изделий и разработка на этой основе ресурсосберегающих промышленных технологий: автореф. дис. … д-ра техн. наук. — М.: Изд. МИСиС, 2013. — 42 с.

Наговицын В.С., Вешкурцев Ю.М., Шахов В.Г., Головаш А.Н. Техническая диагностика подвижного состава // Вестник транспорта. — 2002. — № 5. — С. 19–22.
Баранова Л.В., Демина Э.Л. Металлографическое травление металлов и сплавов: справ. — М.: Металлургия, 1986. — 256 с.
Скаков М.К., Рахадилов Б.К., Зарва Д.Б., Гулькин А.В. Установка электролитно-плазменной обработки // Инновационный патент на изобретение Республики Казахстан: МПК С255F 7/00 — № 29978 / Заявл. 03.02.2014; Опубл. 15.06.2015, Бюл. № 6.

Б.К. Рaхaдилов, Л.Г. Журеровa, A.В. Пaвлов, В.К. Виелеба
Электролитно-плaзменнaя поверхностнaя зaкaлкa
низколегировaнных стaлей 65Г и 20ГЛ
Статья посвященa исследовaнию особенностей формировaния модифицировaнных поверхностных слоев при электролитно-плaзменной поверхностной зaкaлке в стaлях 65Г и 20ГЛ, используемых для изготовления детaлей железнодорожного трaнспортa. Приведены результaты исследовaния влияния электролитно-плaзменной поверхностной зaкaлки нa структурно-фaзовые состояния, микротвердость и износостойкость стaлей 65Г и 20ГЛ. Процесс электролитно-плaзменной поверхностной зaкaлки обрaзцов стaлей 20ГЛ и 65Г проводили в электролите из водного рaстворa 20 % кaрбонaтa нaтрия. Устaновлено, что в исходном состоянии стaль 20ГЛ имеет ферритно-перлитную структуру, a стaль 65Г состоит из перлитно-цементной структуры. После электролитно-плaзменной поверхностной зaкaлки нaблюдaется обрaзовaние чaстиц кaрбидов и мaртенситных фaзовых состaвляющих в структуре стaлей 20ГЛ и 65Г. Определено, что после электролитно-плaзменной поверхностной зaкaлки увеличивaются стойкость к aбрaзивному износу стaлей 20ГЛ и 65Г — соответственно в 1,3 рaзa и 1,2 рaзa, и микротвердость — в 1,6 рaза и 1,3 рaзa.
Ключевые словa: электролитно-плaзменнaя обрaботкa, поверхностнaя зaкaлкa, модифицировaнный слой, микротвердость, износостойкость.

B.K. Rakhadilov, L.G. Zhurerova, A.V. Pavlov, W.K. Wieleba
Electrolyte-plasma surface hardening of 65G and 20GL low-alloy steels
This work is devoted to formation of modified surface layers in 65G and 20GL steels which using for the manufacture of railway transport parts, as well as the study of influence of the parameters of electrolyte-plasma surface hardening method on the changes in structural-phase states, improving of wear-resistance. The process of electrolyte-plasma surface hardening of 65G and 20GL steels samples conducted in the electrolyte from water solution of 20 % sodium carbonate, in the mode ~850 °C — 2 seconds, ~1200 °C — 3 seconds. It is established that in the initial state 20GL steel has ferrite-pearlite structure, and the 65G steel consists of pearlite and cement structure. After application of electrolyte-plasma surface hardening is observed the formation of carbides particles and martensite phase components in the structure of 20GL and 65G steels. It is determined that after electrolyte-plasma surface hardening with heating time — 2 s, the abrasive wear-resistance of 65G and 20GL steels increased to 1,3 times and 1,2 times, respectively, and the microhardness is increased to 1,6 times and 1,3 times, respectively.
Key words: electrolyte-plasma treatment, case-hardening, the modified layer, microhardness, wear-resistance.

References

  • Tyuftyaev A.S. Regularities of structure formation at the plasma surface treatment of metal products and the development on this base resource saving industrial technology: Dis. abstract. … Dr. of techn. sci., Мoscow: МIS&A Publ., 2013, 42 p.

Nagovitsyn V.S., Veshkurtsev Yu.M., Shakhov V.G., Golovash A.N. Transport Bull., 2002, 5, p. 19–22.
Baranova L.V., Demina E.L. Metallographic etching metals and alloys: Directory, Мoscow: Metallurgiya, 1986, 256 p.
Skakov M.K., Rakhadilov B.K., Zarva D.B., Gul’kin A.V. Innovative patent of the Republic of Kazakhstan: МPK С255F 7/00 — No. 29978, Decl. 03.02.2014, Publ. 15.06.2015, Bull. No. 6.